Роман Склярдың бұрынғы әріптесі жанына көмекші болып барды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Бүгін Тоқаев Президент Әкімшілігінің жетекшісі Роман Склярға жаңа көмекші тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары  болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – деп жазылған хабарламада.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РАНХиГС) Executive MBA бағдарламасы бойынша білім алған.

2002-2005 жылдар аралығында Қаржы министрлігі жүйесінде еңбек етті. 2005 жылдан 2012 жылға дейін Премьер-министр кеңсесінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды: аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі және заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2012-2013 жылдары Премьер-министр кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін Премьер-министр кеңсесінің заң бөлімін басқарды.

Еске салайық, 5 мамырда Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай қызметтен кетіп, оның орнына Роман Скляр келген еді. Скляр мен Жиенбаев үкімет үйінде бірге қызмет істеген. 2019 жылы Ержан Жиенбаев Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары лауазымында болғанда, Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары атанған.

Сондай-ақ оқыңыз