Астанада көпқабатты үйдің балконынан өрт шығып, көрші қабатқа тарады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты / Фото: Shutterstock

Астана қаласының Сарайшық ауданында Жүргенов көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан өрт шықты. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барды.

ТЖМ мәліметінше, 7-қабаттың балконында жеке заттар жанған. Жалын бірте-бірте 8-қабаттың балконына таралған.

«Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері өртті шағын аумақта жедел сөндіріп, жалынның пәтер ішіне таралуына жол бермеді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өздігінен эвакуацияланды», – делінген хабарламада.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Астана қаласындағы балалар ауруханасының ғимаратынан өрт шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз