Шілдеде қазақстандықтар қатарынан 3 күн демалады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Конституция күніне орай Астанада не өтеді
фото: shutterstock

2026 жылдың шілде айында Астана күніне орай қазақстандықтар тағы бір қосымша күн демалады. Қазақстанда жыл сайын 6 шілдеде Астана күні атап өтіледі.

Биыл 6 шілде дүйсенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар қатарынан 3 күн демалады: 4,5 шілде – әдеттегі демалыс күні. 6 шілде – Астана күніне орайластырылған мерекелік демалыс күні.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін 4 шілде сенбі әдеттегідей жұмыс күні болып қала береді де, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін жазғы демалыс кезеңінде пойыздар мен әуе рейстерінің саны артатыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз