Нұрай Серікбайдың өлімі: тергеу қашан аяқталады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
SMM бөлімінің жетекшісі
Нұрай Серікбайдың ісі аяқталуға жақын/фотоны қыздың туыстары берді

ІІМ Шымкентте қайтыс болған 21 жастағы Нұрай Серікбайдың ісі бойынша ақпарат берді. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, тергеу аяқталуға жақын.

«Іс бойынша тергеу маусымда аяқталады», – деді Әділов Сенат кулуарында.

Нұрай Серікбайдың қазасы

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары кешке 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.

Күдікті Шымкенттегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің № 69 мекемесінде отыр.

Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Олар:

  • 125-1-бап – «некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • 115-1-бап – «сталкинг»;
  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы  «аса қатыгездікпен адам өлтіру».
Сондай-ақ оқыңыз