Ақбаян Мұқанғалиева тергеуде аты-жөнін айтып, өзге сұраққа жауап бере алмаған

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Ақбаян Мұқанғалиева
Ақбаян Мұқанғалиева тергеуде сұраққа жауап бермеген/фото: ҚР ІІМ

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот өтіп жатыр.

Іс материалдарындағы видеоларды зерттеу барысында сотталушының әйелі Ақбаян Мұқанғалиевадан жауап алған сәт те көрсетілді.

Ол жерде Ақбаян аты-жөнін, туған күні мен туған жерін айтқан. Орта білімі барын, қазір жұмыс істемейтінін жеткізген. Өзге сұрақтарға жауап бере алмаған соң, тергеуші жауап алу процесін тоқтатқан.

Бұған дейін Қарабалиндер отбасының төрт мүшесінің сүйегін қазып алу сәтінде түсірілген видео көрсетілді. Алайда істі қарап жатқан судья Зарема Хамидуллина марқұмдардың сүйегін қазып алған кезде түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланбауы керек екенін ескертті. Судья мұның адамдардың психологиясына кері әсер ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз