Өзбекстанда алғашқы АЭС құрылысы басталды

Санкт-Петербургтегі ХЭФ-2026 аясында Ресей және Өзбекстан президенттері Жызақ облысында интеграцияланған атом электр станциясының (АЭС) іргетасын қалады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
«Өзбекстандағы ресейлік жобамен салынатын тұңғыш қуатты да ірі нысан атом электр станциясының іргетасын қалау сәті. Сіздің бұл мәселемен өзіңіз жеке айналысып, егжей-тегжейлі зерттегеніңізді білемін. Ұсынылған барлық нұсқалардың ішінен Өзбекстан үшін ең тиімдісін таңдағаныңызға сенімдімін», – деп атап өтті Путин.
Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев бұл ауқымды жобаның басталуын республика үшін «тарихи күн» деп атап, қолдау көрсеткен Ресей тарапына алғысын білдірді.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу «Росатом» мемлекеттік корпорациясына сеніп тапсырылды. Жызақ алаңындағы дайындықтың негізгі кезеңі өткен жылдың күзінде-ақ басталып кеткен болатын.
Интеграцияланған АЭС-тің бірегейлігі тарихта тұңғыш рет бір алаңда кіші және үлкен қуатты АЭС блоктары қатар бой көтереді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысы 2027 жылы басталатыны белгілі болды.