Астанада LRT атауы өзгереді
Жарияланды

Астанада LRT атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Енді жеңіл рельсті көлік «Тарлан Астана» деп аталады. Жаңа атау Астана қаласы мәслихатының отырысында мақұлданды.
Қаланың ономастика комиссиясы мүшелері бірнеше нұсқаны қарастырды. Ішінде «Сұңқар», «Лашын», «Құлан», «Аспан», «Тарлан» және басқа да атаулар болды.
Нәтижесінде Astana LRT жеңіл рельсті көлік жүйесі «Тарлан Астана» деп аталады.
Айта кетейік, 16 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты. LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жеңіл рельсті көлікті 1 млн адам қолданған.