Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Айман неліктен бренд киім кимейтінін түсіндірді

Жарияланды 5 Маусым 2026 14:58

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/t_a_d_d_s_, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
instagram.com/t_a_d_d_s_, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы не үшін бренд киім кимейтінін түсіндірді.

Бұған әлеуметтік желідегі сын түрткі болып отыр. Оқырмандардың бірі Айман Талғатқызының талғамына сын айтқан. «Үстіңізден брендтің біреуін көрмедім, базар ғой» деп пікір жазған.

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі бренд кимейтініне арланбайтынын айтып, тұщымды жауап берген.

«Енді кәдімгі адам емеспіз бе? Неге бренд киюім керек? Дым көрмегендей, брендтің бәрін жапсыра алмайды екенмін. Маған ол мақтаныш немесе дәреже емес. Бренд шығаратындардың өзі сол брендті кимейтінін білесіз бе? Бүтін киетін киім мен талғам болса, сол бренд. Сен не кисеңде үйлесе кетсе, демек, сен брендсің!» – деп жазды Айман Талғатқызы.

Сонымен қатар, әзілкештің әйелі көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөлене бастады. Құлсарылық Динара атты бір оқырман Айман күннен күнге ұнап келе жатқанын айтқан. Бұған оның қазақтың дәстүрлерін жақсы білетіні, берік сақтайтыны, жылқыға құмарлығы ықпал еткен.

Сондай-ақ оқыңыз