Роналду, Мбаппе, Кардашьян: Nike Әлем чемпионатына арналған ролик жариялады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Screenshot

Nike компаниясы 11 маусымда АҚШ, Мексика және Канадада басталатын футболдан Әлем чемпионатына арналған «Rip The Script» атты алты минуттық жаңа бейнеролигін таныстырды.

Жобаға спорт пен шоу-бизнес әлемінің 30-дан астам жұлдызы тартылған. Олардың арасында футбол аңыздары мен бүгінгі жұлдыздары: Криштиану Роналду, Килиан Мбаппе, Эрлинг Холанд, Винисиус Жуниор, Эрик Кантона, Роналдиньо, Златан Ибрагимович, Дидье Дрогба және қақпашы Хорхе Кампос бар.

Басқа спорт түрлерінен баскетболшы Леброн Джеймс енген.

Шоубизнес пен медиа өкілдерінен реалити-шоу жұлдызы әрі кәсіпкер Ким Кардашьян, актерлер Джейсон Судейсис («Тед Лассо» сериалының басты кейіпкері) және Ченнинг Татум, рэперлер Трэвис Скотт пен Young Miko, K-pop жұлдызы, әнші LISA, сондай-ақ тележүргізуші Кейт Скотт жүр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлем чемпионаты ойындардың күнтізбесі жариялаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз