Дастан Сәтбаевтың «Қайрат» сапындағы соңғы ойыны: билеттер сатылымға шықты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Дастан Сәтбаевтың «Қайрат» сапындағы соңғы ойыны / фото: instagram

Алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналған Дастан Сәтбаев шілде айында «Челси» клубына ауысады.

Қоштасу матчтарының кестесі

Дастан Сәтбаев Еуропаға аттанбас бұрын «Орталық» стадионда соңғы екі кездесуін өткізеді

  • 13 маусым (сенбі) | 18:00 – «Қайрат» – «Атырау»
  • 17 маусым (сәрсенбі) | 19:00 – «Қайрат» – «Қызылжар»

17 маусым күнгі «Қызылжарға» қарсы матч аяқталғаннан кейін, стадионда футболшыға арналған арнайы қоштасу рәсімі ұйымдастырылады.

Билеттерді қайдан сатып алуға болады?

Клуб басшылығы маусымның ең маңызды кезеңінде командаға қолдау көрсетіп, академия түлегін құрметпен шығарып салу үшін барша жанкүйерлерді стадионға шақырады. Ойындарға билеттерді Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалар арқылы алуға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 17 жастағы Дастан Сәтбаев Forbes тізіміне енген еді.

Сондай-ақ оқыңыз