Елдің әуе қорғанысы шетел дрондарын анықтауға қауқарлы ма

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Drone, Mangystau
Бұған дейін ел аумағына бірнеше дрон құлады/ көрнекі фото

Қазақстанның әуе қорғанысы жүйесінде шетелдік дрондардың ел аумағына келгенін анықтайтын технология бар. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте технологияның жұмысына әсер ететін бірнеше факторды атады.

Брифингте БАҚ өкілдері «Шекара қызметі ел аумағына шетелден ұшып келетін дрондарды анықтай алмайды деген ақпарат бар. Мәселенің цифрлық шешімі бар ма? Мұндай дрондарды автоматты түрде тіркеп, анықтайтын технология әзірленіп жатыр ма?» деп сұрады.

Дархан Ахмадиевтің айтуынша, Қазақстанда мұндай мүмкіндік бар, алайда ол дрон түріне де байланысты.

«Әуе қорғанысы күштері әуе кеңістігін цифрлық форматта бақылап, белгілі бір деректерді көрсете алады. Болашақта шағын ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтау тетіктерін де осы жүйелерге енгіземіз», – деді Ахмадиев.

Сөзінше, бәрі дрон түріне байланысты. Сондай-ақ оның қандай жиілікте , қандай биіктікте ұшатыны да рөл ойнайды.

Былтырдан бері елдің батыс өңіріне ондаған дрон құлады. Ол жағдайларға қатысты министрлік қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бірақ қай елге тиесілі екенін әлі айта алмай отыр.  

Сондай-ақ оқыңыз