Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен әйел адам құлап кетті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Патруль экипаждары жедел түрде оқиға орнына жеткен / фото: KursivMedia мұрағаты
Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен әйел адам құлап кетті / Фото: KursivMedia мұрағаты

4 маусымнан 5 маусымға қараған түні Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға орын алды.

Полицияның алдын ала мәліметінше, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттың терезесінен секіріп, суицид жасаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері оның қайтыс болғанын растады.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«Марқұмның осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны екені анықталды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ол соңғы уақытта жеке жағдайына байланысты ауыр эмоционалдық күйде болған», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін адам терезеден құламау үшін қандай қорғаныс құралын орнатқан дұрыс екенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз