«Аманат» пен «Әділет» партиялары біріге ме

6 маусымда «Аманат» партиясы саяси кеңесінің отырысы өтті. Кеңес мүшелері «президенттің күн тәртібі төңірегінде топтасуға» үндеді. Партия жаңадан құрылған «Әділетпен» бірігуі мүмкін.
Саяси кеңеске «Аманат» партиясының жетекшісі Ерлан Қошанов төрағалық етті. Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттегі барлық қоғамдық-саяси күштерді «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында күш біріктіруге» үндеген мәлімдеме қабылданды.
Бұл уақытта саяси кеңес мүшелерінің басым бөлігі саяси бірігуді қолдап отырғаны мәлім болды. Атап айтқанда, кеңесте «Әділетпен» бірігу мәселесі талқыланған.
«Қазір саяси кеңес мүшелерінің басым бөлігі саяси бірігуді қолдайды. Мұндай шешім съезде қабылданады деп ойлаймын. Бірақ кеңес мүшелері президент электоратын екіге жаруға болмайды деп есептейді. Сол себепті алдағы уақытта партиялар бірігуі мүмкін», – дейді «Аманат» саяси кеңесінің мүшесі Ерлан Сайыров Bes Media басылымына.
Саяси кеңес қабылдаған мәлімдеме де депутат болжамын ішіна растап отыр.
«Аманат» партиясының XXVI Съезі 2026 жылы 12 маусымда Астана қаласында өтеді. Маңызды шешім сол кезде қабылдануы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, «Әділет» партиясы 2026 жылғы 1 маусымда ресми түрде тіркелді. Бастамашыл топ осындай партия құрылатынын биыл сәуірдің ортасында мәлімдеген. Саяси ұйым Әділетті Қазақстан құндылықтарын қорғауды көздейді. Ресми тіркелген саяси бірлестік енді биыл тамыз айында Құрылтай сайлауына түседі.