Футбол: Қазақстан құрамасы мен Армения жолдастық кездесуде тең түсті

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстан құрамасы мен Армения жолдастық кездесуде тең түсті
Қазақстан құрамасы мен Армения жолдастық кездесуде тең түсті/ Фото: instagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан ерлер құрамасы Ереванда өткен сырт алаңдағы жолдастық кездесуде Армениямен тең ойнады.

Вазген Саргсян атындағы Республикалық стадионда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Матчтағы екі гол да екінші таймда соғылды.

Ойынның 50-минутында Максим Самородовтың голының арқасында қазақстандық құрама алға шықты. Алайда алаң иелері араға бірнеше минут салып есепті теңестірді.

Қазақстандықтар келесі кездесуін 9 маусым күні Венгрияға қарсы өткізеді. Дебрецен қаласында өтетін жолдастық матч Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Айта кетейік, 12 маусымда басталатын футболдан Әлем чемпионатының күнтізбесі жарияланған еді.

Сондай-ақ оқыңыз