Арменияда парламент сайлауы өтіп жатыр

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Арменияда парламент сайлауы өтіп жатыр
Арменияда парламент сайлауы өтіп жатыр/ Фото: Shutterstock

Арменияда 7 маусымда кезекті парламент сайлауы басталды. Сайлау қорытындысы бойынша елдің жаңа премьер-министрі де анықталады.

Ел бойынша екі мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған. Сайлауға 16 партия мен 2 блок қатысып жатыр.  Дауыс беру қорытындысы бойынша жаңа парламент құрамы жасақталуы тиіс. Кейін заң шығарушы орган елдің премьер-министрін анықтап, үкімет қайта құрылады.

Алдын ала жүргізілген сауалнама нәтижелері қазіргі премьер-министр Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясын қолдаушылар басымдыққа ие екенін көрсеткен. Сарапшылар оның партиясы шамамен 30 пайыз дауыс жинауы мүмкін деп болжайды.

Партиялар үшін өту шегі 4 пайызды құрайды. Екі немесе үш партиядан құралған блоктар үшін бұл көрсеткіш 8 пайыз, ал төрт және одан да көп партиядан тұратын кең коалициялар үшін 10 пайыз болып белгіленген.

Айта кетейік, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-де басталып 20.00-ге дейін жалғасады. Бүкіл ел бойынша дауыс беруге арналған 2005 учаскенің жұмысы ұйымдастырылды.

ІІМ Көші-қон және азаматтық қызметінің деректері бойынша 2 млн 489 мың 31 азамат дауыс беруге құқылы.

Бұған дейін, Пашинян кезекті рет ҰҚШҰ-дан шығу туралы мәлімдеме жасаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз