Астанадағы LRT-ны Ұлттық ұлан күзететін болды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Астанада LRT іске қосылды/фото: Серикжан Ковланбаев

Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан әскери қызметшілері елордадағы LRT станцияларын күзететін болды. Бұл бастама жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті қадағалауға бағытталған.

Ұлттық ұлан сарбаздары LRT-ың 17 станциясында екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Станцияларда жолаушылар ағынын реттеуге басымдық беріліп отыр.

Бұл шара полиция қызметкерлері және LRT әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған. Ұлттық ұлан сарбаздары станция ішінде ғана емес, оған іргелес аумақтарда да қызмет атқарады.

Айта кетейік, 16 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты. LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жеңіл рельсті көлікті 1 млн адам қолданған

Одан кейін LRT атауын «Тарлан Астана» деп атау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыз