Филиппин аралдарында жойқын жер сілкінісі болды: бірнеше елге цунами қаупі төнді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: reuters

Тынық мұхиты жағалауында орналасқан бірқатар мемлекетте жойқын жер сілкінісінен кейін цунами қаупі төнді. Германияның геофизикалық ғылымдар зерттеу орталығының (GFZ) хабарлауынша, жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сейсмологиялық орталықтар жер сілкінісінің қуатын әртүрлі бағалап отыр. Индонезия метеорология қызметі жер сілкінісінің қуаты 7,7 балға тең екенін хабарлады. Phivolcs (Филиппин агенттігі) магнитуданы 7,0 деп көрсетіп, биіктігі бір метрден асатын және бірнеше сағатқа созылуы мүмкін цунами толқындары мен елеулі қираулар қаупін ескертті.

Филиппинде жерасты дүмпулері осымен екінші күн қатарынан тіркеліп жатыр.

Цунами қаупі төнген аймақтар

БАҚ мәліметінше, жер сілкінісі Гонолулуда да (Гавай аралдары) сезілген. Қазіргі таңда Тынық мұхиты жағалауы бойында орналасқан елдер мен аймақтарда цунами қаупі жарияланды. Олардың қатарында бар елдер:

  • Филиппин
  • Индонезия
  • АҚШ-тың Батыс жағалауы
  • Палау
  • Яп архипелагі (Микронезия Федеративтік Штаттары)
  • Тайвань
  • Папуа Жаңа Гвинея

Жергілікті билік орындары жағалауға жақын маңдағы тұрғындарды сақ болуға және қауіпсіз жерлерге көшуге шақырып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін 4 маусым күні Алматыда жер сілкінген еді.

Сондай-ақ оқыңыз