Си Цзиньпин биылғы шетелдік сапарын Солтүстік Кореядан бастады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: Ju Peng / AP

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин жеті жылдан кейін Солтүстік Кореяға екі күндік мемлекеттік сапармен келді. Пхеньян әуежайында Си мен оның жұбайы Пэн Лиюаньді Корея Еңбек партиясының бас хатшысы, КХДР Мемлекеттік істерінің төрағасы Ким Чен Ын мен оның жұбайы Ли Соль Чжу қарсы алды деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.

Бұл – Си Цзиньпиннің биыл шетелге шыққан алғашқы сапары. Қытай билігінің мәліметінше, ол ҚХДР-ға арнайы келген. Мемлекеттік сапары 10 маусымға дейін жалғасады.

Қазақпараттың жазуынша, екі тарап екі ел мүддесі үшін халықаралық және аймақтық істерде стратегиялық серіктесті нығайту керек деп келіскен. Сондай-ақ партиялық жүйе құру, экономиканы дамытуда тәжірибе алмасуға уағдаласқан.

Қытай Солтүстік Кореяның басты сауда серіктесі деп саналады. Синьхуаның жазуынша, Бейжің Пхеньянға саяси, экономикалық және дипломатиялық тұрғыдан қолдау көрсетіп келеді.

Тағы да оқыңыз: Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен бірігуден түбегейлі бас тартты

Сондай-ақ оқыңыз