Заңды тұлғалар да автокөлік үшін VIP нөмірді онлайн таңдай алады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Заңды тұлғалар да қызметті онлайн пайдалана алады/фото: shutterstock

Енді заңды тұлғалар да автокөліктері үшін қалаған нөмірді онлайн таңдай алады. Қызмет eGov.kz электрондық үкімет порталында қолжетімді.

Сервис келешекте eGov Business мобильді қосымшасының басты бетінде де пайда болады.

Айта кетейік, бұған дейін қызмет тек жеке тұлғаларға ұсынылған.

eGov.kz порталында не істеу керек

  • Порталда авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Көлік және коммуникациялар» – «Автомобиль көлігі» бөліміне өту;
  • «Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алуға тапсырыс беру» қызметін таңдау;
  • қалаған нөмірді немесе комбинацияны таңдау;
  • егер нөмір бос болмаса, басқа нұсқаны енгізу;
  • нөмір бос болған жағдайда оның құны АЕК-пен және теңгемен көрсетіледі;
  • міндетті жолдарды толтыру (облысты, нөмір берілетін ХҚКО-ны және нөмір түрін таңдау);
  • мемлекеттік бажды төлеу;
  • өтінімді қол қою құқығы бар ЭЦҚ арқылы растау;
  • жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен электрондық құжат пен қызметтің нәтижесі туралы хабарламамен танысу.

Дайын нөмірді алдын ала таңдалған ХҚКО-дан алу қажет. Нөмір автокөлікке мемлекеттік тіркеу рәсімі жүргізілгеннен кейін ғана ұйымға бекітіледі.

Сондықтан автокөлікті қайта тіркеу немесе сатып алу кезінде нөмірдің ХҚКО-да дайын екеніне алдын ала көз жеткізген жөн. Астана және Алматы қалаларында 5 жұмыс күнінде, облыстар мен Шымкент қаласында 15 жұмыс күнінде дайын болады.

2026 жылдың қаңтарынан бастап қазақстандық автокөлік жүргізушілеріне мемлекеттік нөмірлерге қалаған цифрды таңдау мүмкіндігі берілді.

Дайын нөмір таңдау үшін мемлекеттік баж салығы 2,8 АЕК-ті (2026 жылы – 12 110 теңге) құрайды. Ал қалаған комбинацияны тапсырыспен жасату 10 АЕК (43 250 теңге) тұрады. VIP-нөмірлер үшін төлем 15-тен 285 АЕК-ке дейін жетеді (64 875 – 1 232 625 теңге).

Сондай-ақ оқыңыз