Ең сенімді әрі ұзақ жүретін көліктер қайсы – зерттеу нәтижесі

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Ең ұзақ қызмет ететін автокөліктер рейтингі жарияланды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Америкалық iSeeCars компаниясы ең ұзақ жүретін автокөліктердің жаңа рейтингін жариялады.

Зерттеу кемінде 10 жыл өндірісте болған, бірақ 2005 жылдан ерте шығарылмаған 174 миллионнан аса көлікті қамтыды. Мұндай шектеу тым ескі модельдерді рейтингтен алып тастау үшін енгізілген.

Зерттеу барысында көліктің 250 мың мильден (400 мың шақырымнан астам) артық жүріп өте алу ықтималдығы бағаланған. Бұл ретте көлік күрделі ақауларсыз пайдаланылуы тиіс. Зерттеу барысында қолданыста болған көліктерді сату туралы нақты хабарландырулар, тіркеу базалары және көлік тарихына қатысты есептер пайдаланылған.

Жалпы нарық көрсеткіші

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, 400 мың шақырымнан астам жол жүру мүмкіндігі бойынша автонарықтағы орташа көрсеткіш небәрі 4,8 пайызды құраған. Компанияның мәліметінше, бұл ұзақ уақыт бойы ақаусыз қызмет ететін көлік жасау қаншалықты қиын екенін көрсетеді.

Рейтинг көшбасшылары: Toyota алда

Рейтингтің көшбасында Toyota өнімдері тұр. Компанияның негізгі бренді бойынша орташа көрсеткіш 17,8 %-ды құраса, еншілес Lexus бренді 12,8% нәтиже көрсетті.

Үздік модельдер

Жекелеген модельдер арасында Toyota Sequoia көш бастады, оның 400 мың шақырымнан астам жүріп өту ықтималдығы 39,1%-ға бағаланған. Одан кейін Toyota Highlander Hybrid (31%), Toyota Tundra (30%) орналасты. Ал жеңіл көліктер арасында Lexus IS (27,5%) пен Toyota Avalon (18,9%) үздік нәтиже көрсетті.

Toyota-дан кейін Honda жайғасты. Оның орташа көрсеткіші 10,8% құрады. Бұл брендтің ең сенімді модельдерінің қатарында Honda Ridgeline, Honda Pilot және Honda Odyssey бар.

Honda-ның еншілес бренді Acura 7,2% көрсеткішпен премиум брендтер арасында екінші орынға шықты. Бұл санатта ол тек Lexus-ке ғана жол берді.

Бесінші орынға айтарлықтай айырмашылықпен GMC бренді жайғасты. Оның көрсеткіші 4,6% құрады. Дәл осындай нәтижені Tesla да көрсетті. Бұл бренд ішінде ең үздік нәтиже Tesla Model S моделіне тиесілі болды. Ол жеңіл көліктер арасындағы рейтингте 13-орынға тұрақтады.

Еске салайық, осыған дейін Toyota Camry XV70-тің әлсіз тұстарын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз