Қазақстанда жаңа BMW iX3 ресми таныстырылымы өтті

Алматыда BMW iX3 электрокроссоверінің Қазақстандағы таныстырылымы өтті. Аталған көлік BMW брендінің Neue Klasse платформасы негізінде жасалған және жүріс қоры 800 шақырымнан асатын алғашқы электромобилі.
Тұсаукесерді Astana Motors компаниясына қарасты Қазақстандағы BMW көлігінің ресми дистрибьюторы – Autocentre-Bavaria өткізді.
Таныстырылым Bavaria Almaty дилерлік орталығында пресс-ланч форматында өтіп, оған журналистер, автоблогерлер, сарапшылар және BMW көлігінің тұрақты кщиенттері қатысты.
«Әлемдік деңгейде iХ3 моделінің тұсаукесерінен кейін жаңа дәуірі басталған BMW нарығының қатарына Қазақстан да кіреді», – деді Германияның Мюнхен қаласындағы BMW AG штаб-пәтерінің аймақтық өнім менеджері Тимур Алтынбаев.

Жаңа BMW iХ3 толық жетекті, қос моторлы электр қуат қондырғысымен жабдықталған. Жалпы қуат 345 кВт-қа жетеді (469 а.к.), максималды айналу сәті 645 H·м құрайды. Конфигурациясына байланысты орнынан 100 км/сағ-қа дейінгі үдеуі 4,9 секундты алады, ал максималды жылдамдық электроникамен 210 км/сағ көрсеткішінде шектелген.
Модельдің негізгі жетістіктерінің бірі – толық қуат қорымен 805 шақырымға дейін жүре алуында. Бұл көрсеткіш BMW iX3 моделін ұзақ қашықтыққа арналған брендтің ең шыдамды электрокроссоверлердің қатарына қосады.

Стандартты комплектацияға жаңа буында BMW Panoramic iDrive жүйесі кіреді. Ақпарат алдыңғы әйнектің төменгі бөлігіне BMW Panoramic Vision жүйесі арқылы проекцияланады, ал көліктің негізгі функцияларына 4K форматтағы 40 дюймдік дисплей арқылы қол жеткізуге болады.
Тағы бір маңызды ерекшелігі – 400 кВт дейін жылдам қуаттай алады. Бұл қайта қуаттау уақытын айтарлықтай қысқартып, ұзақ сапарларды жайлы етеді.
Инженерлер аэродинамикаға ерекше назар аударды. Қарсылық коэффициенті небәрі 0,24 құрайды, бұл энергия тиімділігіне, акустикаға және жоғары жылдамдықта көліктің тұрақтылығына оң әсер етеді.
Бензинді BMW X3 G45 буынымен салыстырғанда, BMW iX3 электр нұсқасының шанақ өлшемдері үлкенірек және салоны кең. Көліктің ұзындығы 4782 мм, ені 1895 мм және биіктігі 1635 мм. Дөңгелек базасы 2897 мм-ге дейін ұлғайтылды. Жүк салғыш сыйымдылығы – 520 литр.

Қазақстанда жаңа BMW iX3 бағасы 50 278 904 теңгеден басталады.
Қазір жаңа BMW iX3 моделіне Қазақстандағы барлық ресми BMW дилерлік желісінде тапсырыс беруге болады. Брендтің дилерлік орталықтары Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Өскемен және Павлодар қалаларында орналасқан.Модель туралы толық ақпаратты bavaria.kz сайтынан және 7007 нөмірі бойынша байланыс орталығынан біле аласыз.