«Алтын Орда» базарында бағаны негізсіз көтеріп жүргендер анықталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Алматы қаалсы қоғамдық көлік автобус
фото: shutterstock

«Алтын орда» базарындағы кей делдалдар азық-түлік тауарына 40%-дан 203,8%-ға дейін үстеме қосып келген. Алматы облысындағы базарларға тексеру жүргізген Сауда министрлігі жеті делдалдың қызметін тоқтатты.

«Омаров» ЖК, «Iceberg Distribution» ЖШС және «Ар Диас» ЖШС тәрізді кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін төмен бағада сатып алып, үстінен 86%-ға дейін үстемақы қосып, басқа сауда орындарына қайта сатқан. Аталған фактілер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заңнама талаптарын бұзған субъектілерге айыппұл салынды.

Жалпы жыл басынан бері 171 сауда нысанына қатысты 643 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 3,4 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Оның 467-сі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыру фактілері бойынша рәсімделген.

«Алтын орда» – Алматыдағы ең ірі сауда орындарының бірі. 2022 жылы бюджетке 200 млн теңгеге дейін салық төлеген. Бірақ кейінгі жылдары қазынаға қанша құйғаны белгісіз, ашық жарияланбаған.

Тағы да оқыңыз: Алматыдағы ірі базарлардың артында кім тұр?

Сондай-ақ оқыңыз