Әл-Фарабидегі апат: полицейге қатысты тергеу аяқталды

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан кейін полиция қызметкеріне де қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 20 мамырда полицейге қатысты мемлекеттік тіркеу нөмірін заңсыз беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Айта кетейік, қайғылы оқиғадан кейін сотталушы рөлінде болған көлікте 100 QR 02 мемлекеттік нөмірі тағылғаны анықталды. Алайда бұл нөмір көліктің тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген.
Наурыздың соңында ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаменті полицейлерге қатысты «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша тексеру бастаған. Алайда бұл бап бойынша тергеу тоқтатылды.
«Алматы полициясы қылмыстық кодекстің 370-бабы (қызметтегі әрекетсіздік) бойынша тергеу жүргізді. Іс материалдары Алматы прокуратурасына жолданды», – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Әл-Фарабидегі апат
2026 жылдың 21 наурызына қараған түні әл-Фараби даңғылында апат болып, үш адам қаза тапты.
Сот барысында айыпталушы Александр Пак кінәсін мойындап, марқұмдардың отбасынан кешірім сұрады. Ал жәбірленуші тарап Александр Пакқа кешірім беріп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сотта оқиға болған кезде түсірілген видео да көрсетілді.