Қырғызстанда депутаттар сайлауға қатысу үшін ақы төлеуді ұсынды

Қырғызстан президент және парламент депутаттарын сайлау күнін ақы төленетін демалыс күні қылмақшы. Жоғарғы Кеңеш спикері Марлен Маматалиев осындай ұсыныс жасады деп жазады 24.kg.
Депутаттар ұсынған заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжатқа сәйкес, мемлекет басшысы мен парламент сайлауын жексенбіде емес, сәрсенбі күні өткізу жоспарланып отыр. Ол демалыс күні деп саналады және ресми жалақы сақталады.
Барлық қызметкерлер сайлауға қатысқан жағдайда ғана ақы төленетін демалыс ала алады. Сондай-ақ жұмыс берушілерге еңбек заңнамасында көрсетілген ерекше жағдайларды есептемегенде, қызметкерлерді сайлау күні жұмысқа жегуге тыйым салынады. Егер қызметкер бәрібір жұмысқа тартылатын болса, оған бұл күн үшін екі еселенген ақы төленіп, қосымша демалыс күні берілуі тиіс.
Алайда жобада маңызды бір шарт көрсетілген: сайлау күнінің ақысы шынымен дауыс беруге барған азаматтарға ғана төленеді. Егер адам себепсіз сайлауға бармаса, бұл күн ол үшін ақысыз демалыс болып қалады. Бастама авторларының сөзінше, сайлаушылар белсенділігі төмендеп кеткендіктен осындай өзгеріс ұсынған.
Соңғы рет елде Жоғары Кеңеш сайлауы былтыр күзде өткен.