Жасанды интеллекті толықтай енгізу: Тоқаев Digital Qazaqstan стратегиясын бекітті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев Digital Qazaqstan стратегиясын бекітті / Фото: Shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Стратегия 2029 жылға дейінгі кезеңге есептелген. Жарлықтың мәтіні кейінірек жарияланады.

Бұған дейін Тоқаев «Digital Qazaqstan» жобасын талқылау үшін үкімет мүшелерімен жолыққан. Арнайы баяндама жасаған ол банктерге де ескерту жасап өтті. QR-төлем жүйесін барлық банк енгізбей жатқанын айтып, жеделдетуді тапсырған еді

«Заманауи цифрлық мемлекет жасанды интеллектке бейім болуға, үлкен деректер массивінде оңай бағдарлануға міндетті. Бізге нәтиже керек. Мен жасанды интеллектке қатысты жаңалықтарды үнемі оқимын, ол соншалықты қарқынды дамып келеді, тіпті Қазақстанның цифрлық болашағы үшін алаңдайсың», – деген еді Тоқаев.

Сондай-ақ, президент Қазақстан халқына жолдаған жыл сайынғы жолдауында жасанды интеллектінің қарқынды дамуы адамдардың, әсіресе жастардың дүниетанымы мен мінез-құлқына әсер етіп жатқанын атап өткен.

Сондай-ақ оқыңыз