Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тіл

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тіл / Фото ChatGPT

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі. Бұл туралы OpenAI-дың қаржы директоры Сара Фрайар ALL-IN подкаст жобасына берген сұқбатында айтты.

«Ең жылдам дамып жатқан тілдер – әзербайжан мен қазақ тілі», – деп атап өтті ол.

Ол қазақ тілі ең қарқынды дамып, белсенді түрде қолданылып жатқан тілдердің бірі екенін атап өтті.

Бұған қоса, ол әлемде ChatGPT жүйесін ең көп қолдану қарқынында өсіп келе жатқан материк Африка елдері болып отырғанын атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, ChatGPT-ді апта сайын 900 миллионнан астам адам қолданады.

Сара Фрайар (Sarah Friar) — танымал қаржы директоры (CFO) және технологиялық сектордағы жоғарғы деңгейлі басшы, қазіргі уақытта жасанды интеллект саласындағы жетекші компания OpenAI-дың қаржы директоры қызметін атқарады.

Айта кетейік,  OpenAI қазақстандық 165 мың педагогке ChatGPT Edu лицензияларын ұсынған. Үш жыл ішінде тағы 235 мыңнан астам студент 503,7 мыңнан аса сертификат алған.  

Бұған қоса, Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып білім беру саласында OpenAI компаниясының «ChatGPT Edu» арнайы шешімін ауқымды түрде енгізуді қолға алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз