Қазақстан Ресей газының Өзбекстанға транзитін екі есе ұлғайтуға әзір

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
газ
Өзбекстанға Ресейден тасымалданатын газ Қазақстан аумағы арқылы өтеді / qazaqgaz.kz бильд-редактор: Серікжан Қобыланбаев

Астана Ресей газын Өзбекстанға тасымалдауды бірнеше есе ұлғайтуға әзір. Қазақстан энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осылай деп мәлімдеді.

Қазақ үкіметі Ресей мен Өзбекстан арасында газ транзитін 11 млрд текше метрге дейін, яғни шамамен екі есе ұлғайтуға дайын.

«Біздің осындай мүмкіндігіміз бар. Бәрі көлік инфрақұрылымына байланысты. Қазақстан жағынан осы мәселе бойынша бәрі дайын. Енді, менің білуімше, Ресей жағы Өзбекстанмен өз бетімен келіссөз жүргізіп жатқанға ұқсайды», – деп мәлімдеді Ақкенженов журналистерге. Оның мәлімдемесін ТАСС таратты.

Мәліметтерге қарағанда, Мәскеу мен Ташкент мұнай және газ тасымалын ұлғайтуды көздейтін келіссөздер жүргізіп жатыр.

2025 жылы Ресей Өзбекстанға 6,48 млрд текше метр газ экспорттаған. «Газпромның» жылдық есебінде осындай мәлімет кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз