Жәмилә Маричева «ProTenge» жобасын сататынын хабарлады
Жарияланды

Журналист Жәмилә Маричева «ProTenge» жобасын сататынын хабарлады. Бұл туралы инстаграм парақшасында жазды.
«Өмірімдегі маңызды тараудың бірін жаптым. Мен «ПроТеңге» жобасын жаңа иесіне бердім. Мен үшін ол адамның медианы түсінгені және өз ортасында абыройлы болғаны маңызды», – деп жазды ол. Бірақ кім сатып алғаны белгісіз.

Жәмиля Маричева – белгілі журналист, медиаменеджер. ProTenge жобасында мемлекеттік сатып алу сайтындағы күдікті көрінген, сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін деген сатып алуларды анықтады. Бірнеше рет ақпараттық шабуылға да ұшыраған.