Суперкомпьютер Әлем чемпионатында жеңуі мүмкін құраманы анықтады

Opta аналитикалық компаниясының суперкомпьютері Испания құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетуге басты үміткер деп атады.
Испан командасының чемпиондық атаққа ие болу мүмкіндігі 16,1%-ға бағаланды. Испания құрамасы әлем біріншілігін соңғы рет 2010 жылы жеңіп алған болатын. Сол кезде испандар финалда Нидерланды ұлттық құрамасын қосымша уақытта (1:0) ұтқан еді. Содан бері Испания әлем чемпионаттарында 1/8 финалдан әрі аса алмады.
Фавориттер рейтингінде екінші орында 13% көрсеткішпен Франция, үшінші орында 11,2%-ға бағаланған Англия орналасты. Суперкомпьютердің есебі бойынша, қазіргі әлем чемпионы Аргентина өз титулын қорғап қалуының ықтималдығы 10,4%-ды құрайды. Үздік 10 үміткердің қатарына Португалия – 7%, Бразилия – 6,6%, Германия – 5,1%, Нидерланды – 3,6%, Норвегия – 3,5% және Бельгия – 2,4% енді. Суперкомпьютер турнирді қабылдаушы елдер – АҚШ, Мексика және Канада құрамаларының мүмкіндігін төмен деп бағалады.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнирге рекордтық көрсеткіш – 48 команда қатысады. Жалпы турнир 104 матчтан тұрады.
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының (ӘЧ-2026) барлық матчын отандық Qazaqstan және Qazsport телеканалдары тікелей эфирде көрсетеді.