Алматы, Астана және Қарағанды қалалары ажырасудан көш бастап тұр

Қазақстанда некеге тұратындар қатары саны жыл сайын қысқарып барады. 2026 жылдың бірінші тоқсанында 21,6 мың неке тіркелген, ол былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,9%-ға аз.
Finprom мәліметінше, 2021 жылдың бірінші тоқсанында неке саны 32,3 мыңға жетіп, 2014 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішті көрсеткен еді. Ал 2026 жылғы көрсеткіш соңғы 20 жылдағы ең төмен көрсеткіш болды.
Ажырасу көрсеткіші де жоғары
Сонымен қатар ажырасу да артып отыр. 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында саны 11,2 мыңға жетті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 10,2 мың болған еді. Бұл соңғы жеті жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Әлемдегі ахуал қандай?
Ажырасу тақырыбы әлемнің басқа елдерінде де басты назарда қалып отыр. Advokat Smart орталығы он елдегі ажырасу көрсеткішін салыстара отырып зерттеу жүргізді. Оған сәйкес, 2021 жылы Жапония көш бастады. Елде әр 100 мың тұрғыннан 538 сұраныс түскен.
Алғашқы бестікке Ұлыбритания (510 сұраныс), Франция (369), АҚШ (342) және Канада (294) кірді. 2026 жылы дәл осы он мемлекетте қайта жүргізілген зерттеу Жапонияның бірінші орнын сақтап қалғанын және оның көрсеткіші әр 100 мың адамға шаққанда 585 сұранысқа дейін өскенін көрсетті.
Қала тұрғындарының арасында ажырасу мен некеге тұру көп тіркеледі
Қазақстандағы неке мен ажырасулардың негізгі бөлігі қалалық жерлерге тиесілі. 2026 жылдың бірінші тоқсанында қалалық жерлерде 14,5 мың неке қиылса, ауылдарда көрсеткіш екі есе аз – 7,1 мыңды құрады.
Десе де, отбасын құруға деген ықыластың төмендеуі қалада да, ауылда да байқалады. Бір жыл ішінде қалалардағы неке саны 1,4%-ға, ал ауылдарда бірден 8,8%-ға азайған.
Ажырасудың көп бөлігі де қалалық жерлерде тіркеліп отыр. 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында қалада 8,4 мың ажырасу, ал ауылдық жерлерде 2,8 мың ажырасу тіркелген.
Бұл ретте ажырасу саны қала халқы арасында да, ауыл тұрғындары арасында өскен. Қалаларда бұл көрсеткіш 10,5%-ға, ауылдарда 7,7%-ға артты.
Некені бұзғандардың саны бойынша Алматы (1,2 мың), Астана (1,1 мың) қалалары мен Қарағанды облысы (848) көш бастап тұр. Ең аз ажырасу саны Ұлытау (165), Батыс Қазақстан (348) және Абай (379) облыстарында тіркелді.
Айта кетейік, бұған дейін неке қию үшін биылғы жылдың ең әдемі күндерінің бірі белгілі болған еді.