Италияда 21 жастағы қазақ студентінің мәйіті табылды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Италияда 21 жастағы қазақ студентінің мәйіті табылды/ фото: kursiv.media мұрағаты

9 маусым күні Италияның Бриатико қаласындағы жағалаудан 21 жастағы Қазақстан азаматының мәйіті табылды. БАҚ-та тараған ақпаратқа сүйенсек, жігіт суға батып кеткен.

Қайтыс болған жігіт Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі екені анықталды. Ол Кассино қаласындағы Unicas университетінің 3-курсында оқып жүрген.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растап, оның отбасына көңіл айтты.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста отыр және қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта Италияның құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның барлық егжей-тегжейі мен себептерін анықтау үстінде.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда қаза болған жас жігіттің қырғыз азаматы екенін анықталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз