Елде Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен пайда болады

Елде Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен пайда болады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жазды.
Айтуынша, алғаш рет заң жүзінде ғалымдардың құқығы мен академиялық бостандығы туралы нақты кепілдіктер беретін нормалар пайда болды. Арн айы жаңа институт – Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі.
«Енді әрбір ғалымның зерттеу бағытын өз қалауымен еркін таңдауға, сыртқы қысымсыз өзінің ғылыми пікірін ашық білдіруге және халықаралық ғылыми қауымдастықтарға емін-еркін мүше болуға толық құқығы заңда жазылды.
Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен институты құрылады. Оны Ұлттық ғылым академиясының жанынан ашылсын деп ұсындық. Бұл уәкілетті тұлға енді ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтарын тікелей қорғайтын болады», – дейді министр.
Омбудсмен немен айналысады?
Айтуынша, омбудсмен ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына қатысты өтініштер мен шағымдарды қарайды.
Ғалымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша консультациялық көмек береді.
Мемлекеттік органдармен, білім және ғылым ұйымдарымен ғалымдардың мүддесін қорғау үшін тікелей өзара іс-қимыл жасайды.
Ғалымдардың құқықтарын қорғауды жақсарту мақсатында ғылым және технологиялық саясат жөніндегі заңнаманы жетілдіруге байланысты Ұлттық академияға және уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.
Айта кетейік, елде ғылыми сарапшы қызметінің құнын есептеу бойынша жаңа әдістеме бекітілді.