Таразда тағы бір жасөспірім өзіне қол жұмсады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Таразда жасөспірім қайтыс болды/фото: shutterstock

10 маусымға қараған түні Таразда жасөспірім қыз өзіне қол жұмсады. Алдын-ала мәлімет бойынша, ол отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке барған.

Полиция департаменті суицид фактісі бойынша тергеу басталғанын растады. Қазір мамандар қайғылы жағдайға не себеп болғанын анықтап жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбады.

Бұған дейін Жамбыл облысы, Қордай ауданында сарайдан екі жасөспірімнің денесі табылған еді. Екеуі де тоғызыншы сынып оқушысы және бір-бірімен таныс болған.

Тағы да оқыңыз: Жамбылда мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсау ісі бойынша үш адам сотталды

Сондай-ақ оқыңыз