Қазақстан әуе нарығына жаңа компания кірді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
FlyOne Armenia
фото: Sputnik Armenia

Арменияның «FlyOne Armenia» әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлайды.

Жаңа компания 12 маусымнан бастап Ереван – Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) рейс орындай бастайды. Нәтижесінде Қазақстан мен Армения арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 3 рейстен 5 рейске дейін артады.

Бұған дейін Астана мен Ереванды жалғайтын рейс ашылатыны туралы жазғанбыз. 20 сәуірден бастап аталған рейсті Shirak Avia әуе компаниясы орындайды.

Сондай-ақ оқыңыз