Террористік және экстремистік қылмыс үшін 13 азамат сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
терроризм айыбы, сотталушы, күдікті
фото: shutterstock

Биыл сәуір-мамыр айларында террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 13 адам сотталды. Бұл туралы ҰҚК хабарлайды.

Мәселен, террористік идеологияны насихаттап, таныстарын террористік белсенділік аймақтарына шығуға үгіттеген Астана тұрғыны 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Қазақстанда діннің билік құруын қалап, терроризм идеясын таратқан шымкенттік азамат 7 жылға қамалды.

Дәл осындай айыптармен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Абай облыстарынан 11 күдікті, оның ішінде 2 шетелдік және шетелден экстрадицияланған 3 Қазақстан азаматы ұсталды.

 «Олар интернетте және өз айналасында экстремистік материалдарды таратты, террористік белсенділік аймақтарына шығуға және өздерінің ұстанымдарымен келіспейтін адамдарға қатысты зорлық-зомбылыққа шақырды деп күдіктеледі.  Қылмыстық кодекстің тиісті баптарында сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде», – деп мәлімдейді ҰҚК.

Бұған дейін бірнеше жыл бойы терроризм әрекеті туралы жалған ақпарат таратып келген 4 жасөспірімнің ісі туралы жазған едік. Нақты қандай әрекетке барғаны жарияланған жоқ. Бірақ ҰҚК мәліметінше, олардың Астана, Шымкент, Атырау, Тараз, Ақтау және Алматы облысында 20-дан астам дерекке қатысы бары анықталды. 

Сондай-ақ оқыңыз