«Amanat» пен «Әділет» біріге ме: Саиров жауап берді

Депутат Ерлан Саиров «Amanat» партиясының съезінде саяси күштерді біріктіру мәселесі талқыланатынын хабарлады. Әңгіме «Amanat» және «Әділет» партияларының ықтимал қосылуы туралы болып отыр.
«Қазіргі уақытта мәселе саяси күштерді біріктіру төңірегінде болып отыр. Біз тәжірибе мен жастардың қуатын тоғыстырғымыз келеді», – деп мәлімдеді Саиров.
Оның айтуынша, саяси кеңес мүшелері мәселені біржола шешуге бейіл, сондықтан съезд делегаттары дәл осы «Amanat» пен «Әділет» партияларының бірігуін талқылайтын болады.
Бірігу не үшін қажет?
«Көпжылдық тәжірибесі бар «Amanat» партиясына ешқандай практикалық тәжірибесі жоқ «Әділет» партиясымен бірігудің не керегі бар» деген сұраққа Саиров «бұл жерде әңгіме корпоративтік мүдделер туралы емес» деп жауап берді.
«Бұл жерде мәселе корпоративтік мүдделерде тұрған жоқ. Мәселе еліміздің ұлттық, мемлекеттік мүдделеріне қатысты болып отыр. 1 шілдеден бастап Қазақстан жаңа саяси дәуірге қадам басады, сондықтан жаңа саяси күштер, идеялар мен құндылықтар қажет. «Amanat» партиясының мүшелері онжылдықтармен, дәуірлермен ойлайды. Сондықтан біз іс-тәжірибе мен жастардың қуатын біріктіру қажет деп санаймыз», – деп түсіндірді депутат.
Бұған дейін, «Аманат» партиясы саяси кеңесінің отырысында кеңес мүшелері «президенттің күн тәртібі төңірегінде топтасуға» үндеп, жаңадан құрылған «Әділетпен» бірігуі мүмкін екенін аңғартқан.