Елена Рыбакина Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Елена Рыбакина, Мирра Андреева, Арина Соболенко, WTA
Елена Рыбакина Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына шықты / ҚТФ

Қазақстан әйелдер теннисінің көшбасшысы Елена Рыбакина Ұлыбританиядағы WTA 500 турнирінің екінші кезеңінен сәтті өтті.

Лондон корттарында бірінші нөмірмен себілген әлемнің екінші ракеткасы германиялық Татьяна Мариямен (WTA рейтингінде 52-орын) қиын жекпе-жек өткізді. Матч үш сетке созылған драмаға айналып, 2 сағат 12 минутқа жалғасты.

Алғашқы партияда тай-брейкпен есе жіберген Рыбакина ойын барысын өзгерте алды. Шешуші сетте қазақстандық теннисші кортта толықтай басымдық танытып, қарсыласына бірде-бір гейм бермеді.

Кездесудің қорытынды есебі – 6:7 (4:7), 7:5, 6:0.

Матч барысында Елена 8 эйс жасап, 4 рет қосарлы қателікке бой алдырды және 13 брейк-пойнттың 5-ін ұпайға айналдырды.

Жарыстың жартылай финалына шығу үшін Рыбакина бұған дейін румыниялық Жаклин Кристианды жеңген жергілікті теннисші Кэти Бултермен таласады.

Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші ЕленаРыбакина Roland Garos турнирінің алғашқы кезеңінде жолдан шығып қалған.

Сондай-ақ оқыңыз