Александр Бублик Штутгарттағы теннис турнирінің жартылай финалына шықты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Александр Бублик успешно продвигается по сетке Открытого чемпионата Штутгарта
Александр Бублик Штутгарттағы теннис турнирінің жартылай финалына шықты / Фото: atptour.com

Қазақстандық Александр Бублик (11) Штутгарттағы ATP-250 турниріндегі ширек финалдық матчта француз Джованни Мпетши Перрикараны (93) 7:6 (7:5), 7:6 (7:3) есебімен ұтты.

Бүгінге дейін 22 жастағы француз қазақстандық теннисшіні екі рет жеңіп, бір рет ұтылған болатын. Дегенмен, қарсыластар бұған дейін шөп төсемінде кездескен емес.

Екі теннисшінің де басты қаруы саналатын қуатты доп беру әдісі дәл осы төсемде өте құнды. Бірінші сетте брейк-пойнтқа ие болу мүмкіндігі тіпті болмағаны таңғаларлық емес. Өз доп берулерінде алты геймнен алған Александр мен Джованни сет жеңімпазын тай-брейкте анықтады. Сәттілік қазақстандық теннисшіге серік болды – 7:5.

Екінші партия да дәл осындай сценариймен өрбіді. Және тағы да тай-брейк біздің теннисшінің пайдасына шешілді – 7:3. 1 сағат 18 минуттан кейін қарсыластар қол алысты. Айта кетерлігі, эйс бойынша француз қазақстандық теннисшіден басым түсті – 19:11, бірақ жалпы ұтқан ұпай саны бойынша есе жіберді – 71:82.

Айта кетейік, осыған дейін Елена Рыбакина Ұлыбританиядағы WTA 500 турнирінің екінші кезеңінен сәтті өткенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз