Техастағы атыстан бір адам қаза тауып, он адам жарақат алды

Техастың батысында жаппай атыс орын алып, кем дегенде бір адам қаза тапты және 10 адам жарақат алды. Бұл туралы CNN хабарлайды.
Атыс 12 маусым күні таңертең Мидленд қаласында болды. Полиция хабарлағандай, оқ Уэст-Уолл-стриттегі 4600-кварталда орналасқан ғимаратта атылды.
«Қазіргі сәтте 11 құрбан туралы белгілі. Кем дегенде бір құрбан оқиға орнында қаза тапты. <…> Атқан адамның қаза болғаны анықталды», – деді қала мэрі Лори Блонг.
Билік өкілдері күдікті немесе атыстың ықтимал себебі туралы ешқандай ақпарат берген жоқ.
Мидленд Мемориал ауруханасы CNN-ге атыс салдарынан 9 зардап шегуші келіп түскенін хабарлады. Дәрігерлер олардың бесеуінің жағдайын тұрақты деп бағалады, тағы төртеуі ота жасалатын бөлмеге жатқызылды.
Атысқа байланысты медициналық мекеменің өзі жабылды. Аурухана өкілдері жергілікті тұрғындарды шұғыл көмек қажет болмаса, ауруханаға келмеуге шақырды.
Айта кетейік, осыған дейін мамыр айында АҚШ-тың Калифорния штаты Сан-Диего қаласындағы мешітте атыс болып, бес адам қаза тапқанын жазған едік.