Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды
Жарияланды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіліс тапты.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші 1/4 финалда 73-ші орындағы, ұлыбританиялық Кэти Бултермен шеберлік байқасты.
Тартысты өткен матч максималды үш сетке созылып, Рыбакинаның 5:7, 6:2, 4:6 есебімен жеңілісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 2 сағат 39 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы:
9 эйс (тура бағытталған соққы) жасады;
6 қос қателік жіберді;
7 брейк-поинттың 5-еуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Елена Рыбакина Лондон турниріндегі жолын ширек финал кезеңінде аяқтады. Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Лена бір күнде екі ойын өткізді.