Бразилия мен Германия жарыс жолын бастайды: 14 маусымға ойын кестесі

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі

Жексенбі, 14 маусымға қараған түні қазақстандық уақытпен футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында әлемнің қос алпауыты Бразилия мен Германия құрамалары алғашқы кездесулерін өткізеді.
Жарыстың таңғы сессиясында В, С және D топтарының ойындары жалауын көтереді. Ал Германия құрамасы бірінші турдағы матчын жексенбінің кешінде өткізеді. Немістердің қарсыласы әлем біріншілігіне тұңғыш рет қатысып жатқан Кюрасао дебютант құрамасы болмақ.

14 маусымдағы матчтардың кестесі (Қазақстан уақытымен):

  • 00:00 (13 маусымнан 14 маусымға қараған түні): Катар – Швейцария.
  • 03:00: Бразилия – Марокко.
  • 06:00: Гаити – Шотландия.
  • 09:00: Австралия – Түркия.
  • 22:00: Германия – Кюрасао.

Кездесулердің барлығын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. ӘЧ-2026 турнирінің толық ойын кестесімен сілтеме арқылы таныса аласыздар.

    Сондай-ақ оқыңыз