Алматы мен Талдықорғанда ауа сапасы нашарлайды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media архиві

14 маусымда Алматы мен Талдықорған қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет».

Синоптиктердің мәліметінше, бұл күндері қалаларда атмосфераның жерге жақын қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін факторларға байланысты ауа сапасының нашарлауы болжануда.

Қолайсыз метеожағдайлар жел екіпіні бәсеңдеп, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлардың бірігуінен туындайды. Олар атмосферадағы зиянды қоспалардың жерге жақын қабатта шоғырланып, таралмай қалуына әсер етеді.

Ауа сапасы көбіне жел жылдамдығы, жауын-шашын, ылғал және температура сияқты синоптикалық жағдайларға байланысты болады.

Қолайсыз метеожағдай кезінде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе, автокөлік жолдары мен ластанған аймақтарға жақын болмауға кеңес беріледі. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ уақыт серуендеуден бас тарту ұсынылады.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ескертіледі.

Сондай-ақ оқыңыз