СІМ АҚШ-та із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандықтың ісін бақылауға алды

Сыртқы істер министрлігі Чикаго қаласында Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың жоғалып кеткені туралы ақпаратты растады.
Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен байланыс орнатып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз азаматтың туыстарымен де тұрақты байланыста. Жағдай ҚР Сыртқы істер министрлігінің бақылауында», – деп хабарлады СІМ.
Айта кетейік әлеуметтік желіде Иллинойс штатында тұратын 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат тарады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ол Чикаго маңындағы Форд-Хайтс ауданында тұрған.
Туыстарының айтуынша, Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны қолжетімсіз болып қалған. Жақындарының сөзінше, оның жеке құжаттары мен банк карталары үйінде қалған.