Нұрлан Сабуровтың артынан келіншегі де Алматыға қайтты

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: әлеуметтік желіден

Әртіс Нұрлан Сабуровтың отбасы толығымен Қазақстанға қоныс аударды. Оның жұбайы инстаграм желісінде Алматыға көшіп келгенін айтты

«Мұнда қонаққа келдің бе деп көп сұрап жатыр. Енді Алматыда тұрақты тұруға көшіп келдім», – деп жазды Диана Сабурова.

Еске салайық, осы жылы ақпанда Нұрлан Сабуровты Ресей билігі елге кіргізуге тыйым салды. Бір ай өтпей жатып әйелі Ресейдегі сусын мен темекі өнімдерін сататын бизнесін жапты.

Әзілкештің өзі Қазақстанға келіп, жергілікті жиындардан көрінді. Дегенмен Сабуров болашақта Ресейге қайтып, концерттерін жалғастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз