Сұлтан Сәрсемәлиев қылмысы үшін Меккеде Құдайдан кешірім сұрағанын айтты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Сотта Сәрсемәлиевтен жауап алынып жатыр/фото: ІІМ

Атыраулық Сұлтан Сәрсемәлиев сотта қылмысты жасаған соң не істегенін айтты. Сөзінше, 2025 жылдың қарашасында Түркия арқылы Мекке қаласына барған.

«Өмірден түңіліп кеттім. Құдайдан кешірім сұрап өлейінші дедім. Мекке қаласында 10 күн болдым. Мені Құдай түсінбесе, басқа ешкім түсінбейді. Мен қылмысты жайдан жай жасаған жоқпын. Өздері осыған дейін әкелді. Иә, мен қателестім. Бірақ олардың да кінәсі бар ғой. Оларды жазықсыздан жазықсыз өлтірген жоқпын», – деді Сұлтан Сәрсемәлиев сотта.

Бұған дейін Сәрсемәлиев оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Сөзінше, балаларына анасы қараған. 2025 жылдың қыркүйегінде әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға бірінші топтағы мүгедектігі бар деген анықтама берілген. Әрі қарай әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімді екі ай күту қажет болған. Сол уақытта үш жастағы қызы мен әйелін алып, қайын жұрты тұрып жатқан Жангелдин ауылына барған.

Алайда ата-енесі қалған балаларды әкеліп тастауды талап етіп, қамқоршы тағайындау, мүгедектік туралы айтып үлгермеген.

Қылмысын бірден мойындаған

Сұлтан Сәрсемәлиев тергеушіге жетпей-ақ әуежайда шетелден қабылдап алған кісілерге жасағанқылмысын мойындаған.

«…Ақталатындай, қылмыстан жалтаратындай ешқандай әрекет жасаған жоқпын.

Түсінемін, артық кеттім. Бірақ олар да өздері сұрап алғандай болды. Біреуі болмаса біреуі қояр деп мүмкіндік бердім ғой», – дейді Сәрсемәлиев жылап.

Қылмыстық іс

Сот барысында Сұлтан Сәрсемәлиев қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыпқа келіспеді. Сөзінше, мұндай әрекетке өзін қорғау үшін барған. Бұл жағдай абайсызда болғанын айтты. Кейіннен Наурыз Мұқанғалиевтің басы денесінен бөлініп қалғаны белгілі болды.

Сондай-ақ қайын атасы Мақсот Қарабалинді 9 рет, Нәсіп Өтешқалиеваны 8 рет пышақтағанын, осылайша екеуін қасақана өлтіргенін мойындады.

Ал қайын апасы Мейрамгүл Қарабалинаны 32 рет пышақтаған.  

Сондай-ақ оқыңыз