Әйгілі түрік актрисасы Эдже Иртем қайтыс болды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: әлеуметтік желіден

15 маусымда Түркияның танымал актрисасы Эдже Иртем қайтыс болды. Түрік басылымдарының хабарлауынша, ол анасының қолында көз жұмған. Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын актриса мерейтойын атап өткен еді.

Эдже жақындарынан көмек сұрап, содан кейін құлап қалған. Анасы бірден жедел жәрдем шақырғанымен сол жерде қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған.

«Менің қорғауымдағы Эдже Иртем бүгін сағат 12:00 шамасында дүниеден өтті. Оқиға оның үйінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болуы мүмкін», – деп мәлімдеді актрисаның адвокаты.

Адвокаттың айтуынша, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Нақты қорытынды сот-медициналық сараптаманың нәтижелері шыққаннан кейін белгілі болады.

Эдже Иртем 1991 жылы 14 маусымда Түркияның Сивас қаласында дүниеге келген. Ол Яшар университетінің музыка факультетін бітіріп, кейін Ыстанбұлда актерлік шеберлік бойынша білімін жалғастырды. Иртемнің теледидардағы мансабы 2014 жылы «Қашқын келіндер» жобасынан басталды. Кейінірек «Жаңа келін», «Тыйым салынған жеміс», «Тұтқын» тәрізді сериалдарда ойнады. Қалың көрермен оны «Қарақат шәрбаты» картинасы арқылы жақсы таниды.

Тағы да оқыңыз: Түркияда есірткі ісі бойынша Көсем сұлтан рөліндегі жұлдыз ұсталды

Сондай-ақ оқыңыз