«Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде черногориялықтармен ойнайды
Жарияланды

УЕФА штаб-пәтерінде футболдан 2026/27 жылғы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне жеребе тартылды. Алматылық «Қайрат» іріктеуді Никшич қаласының черногориялық «Сутьеска» клубымен өтетін матчтармен бастайды.
Бірінші іріктеу кезеңінің матчтары 7/8 және 14/15 шілдеде өтеді. Қазақстан чемпионы алғашқы ойынын өз алаңында өткізеді.
Жеребеге қатысқан 28 еуропалық клубты ұйымдастырушылар рейтингі мен географиялық орналасуына сәйкес екі топқа бөлді.
Айта кетейік, өткен маусымда Чемпиондар лигасының ортақ кезеңінде өнер көрсеткен алматылық «Қайраттың» 21,2 миллион еуро (11 млрд 617 млн теңге) табыс тапқан еді.