Қатонқарағайда қоңыр аю, тауешкі, құны және қасқыр фототұзаққа түсті

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Қатонқарағайда фототұзаққа түскен қоңыр аю
Қыста ұйқыдан оянған қоңыр аю / фото: Қазақ орманы

Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінде бір соқпақпен жүрген бірнеше жабайы жануар фототұзаққа түсіп қалды. Суреттерді «Қазақ орманы» жариялады.

Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай паркіне фотокамера 2025 жылғы желтоқсанда орнатылған. Ал биыл 11 маусымда фототұзақтан құнды материалдар алынды.

Қатонқарағайда фототұзаққа түскен құны
Құны Алтайдың таулы аймақтарын мекендейді / фото: Қазақ орманы

Суретке түскен жабайы аңдар арасында қоңыр аю, құны, тауешкілер мен қасқырлар бар.

«Фототұзақтар жануарлар дүниесінің жай-күйін бақылауға, олардың мекендеу ерекшеліктерін зерттеуге және қорғау жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді», – деп таратты «Қазақ орманы».

Қатонқарағайда фототұзаққа түскен қасқыр
Қасқырлар ақпан айында фототұзаққа түскен / фото: Қазақ орманы
Қатонқарағайда фототұзаққа түскен тауешкі
Тауешкі / фото: Қазақ орманы

Мекеме табиғатта түсірілген суреттерді Жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің бастығы Е. Қасымовтан алған.

Осы аптада Алматы зообағына сирек кездесетін канадалық сілеусіндер жеткізілген.

Сондай-ақ оқыңыз