Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні көзге жиі түсетін болды (видео)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Түркістан сілеусіні, Жоңғар Алатауы ұлттық паркін мекендейді
Фототұзаққа түскен Түркістан сілеусіні / фото: «Жоңғар-Алатауы» МҰТП, ЖИ көмегімен өңделді

Жоңғар Алатауы ұлттық табиғи паркін мекендейтін Түркістан сілеусіні аздап болса да көбейді. Қызыл кітапқа енген жануар көзге жиі түсетін болды.

Табиғи мекеме қызметкерлері сәрсенбі, 17 маусымда Жоңғар Алатауы ұлттық паркін мекендеген бірнеше сілеусіннің видеосын жариялады. Жыртқыш аңдар парк аумағына орнатылған фото-видеотұзаққа түсіп қалған.

Мекеменің мәліметінше, қазір парк аумағын 70-80 бас түркістан сілеусіні мекендейтіні анықталып отыр. 2023 жылы қорғаудағы табиғи аймақта 71 сілеусін бары айтылған. Соған қарағанда, олардың саны сәл де болса көбейген.

Түркістан сілеусіні, Жоңғар Алатауы ұлттық паркін мекендейді
Түркістан сілеусіні көзге жиі түсіп жүр / фото: «Жоңғар-Алатауы» МҰТП, ЖИ көмегімен өңделді

Ұлттық парк орман белдеулерінде мекендейтін сілеусінін бақылау мақсатында 2020 жылдан бері фототұзақтар орнатып жүр. Мониторингтің заманауи әдісі олардың санын анықтауға көмектеседі. Бұған дейін қанша жыртқыш аң барын мамандар іздеріне қарап бағамдайтын.

Kursiv.Media бұған дейін Қатонқарағай ұлттық паркінде қоңыр аю, тауешкі, құны және қасқыр фототұзаққа түсіп қалғаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз