+50 градус: Шілдеде шіліңгір ыстық күтіп тұр

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
ТЖМ ауа райына байланысты қауіптіліктің 5-деңгейін жариялады
+50 градус: Шілдеде шіліңгір ыстық күтіп тұр / Фото: Shutterstock

«Қазгидромет» синоптиктері шілде айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Жаздың екінші айы жылдағы ең ыстық кезең болып қала береді.

Жалпы алғанда, еліміз бойынша орташа ауа температурасы +21…+29 градус болады.

Өңірлер бойынша:

  • солтүстік пен шығыста +18…+23 градус;
  • Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында +14…+16 градус;
  • оңтүстікте +28…+30 градус;
  • оңтүстік пен оңтүстік-батыстың жекелеген аудандарында +30…+31 градус;
  • солтүстікте, қиыр шығыста және оңтүстік-шығыста +15…+20 градус.

Жекелеген күндері солтүстік пен шығыста ауа температурасы +42…+43 градусқа дейін, орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47…+48 градусқа дейін, ал оңтүстікте +50 градусқа дейін көтеріледі.

Шілдеде аптап ыстықпен қатар суыту ықтималдығы сақталады, түнгі уақытта күтіледі:

  • солтүстік пен шығыста +0…+5 градусқа дейін;
  • қалған аумақта +7…+12 градус.

Шілдеде үсік жүруі екіталай, бірақ бірнеше жыл СҚО мен ШҚО-ның кейбір станцияларында температура -1…-4 градусқа дейін төмендеген.

Қазақстанның солтүстігінде шілде – жылдың ең жаңбырлы айы. Жауын-шашын жиі найзағаймен ұштасады, кей жерлерде нөсерге ұласады. Найзағай әсіресе солтүстік, шығыс және таулы аудандарда байқалады. Оңтүстік-шығыстың тауларында кейде бұршақ жаууы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін жаз айларындағы ауа райы туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз